Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Осы кезде әдеттегідей тойхана мен мейрамханалар бос болмайды. Алайда жыл соңы жақындағанда індет барлығын бір тиын қылса таң қалмаймыз. Себебі өткен жылы мерекені тойлауға қатаң тыйым салынды. Ал биыл ше? Түркістанда корпоративті кештерді өткізуге рұқсат бар ма? Мерекені тойлауға тұрғындар қанша қаржысын жұмсайды? Толығырақ тілші материалында.