Түбіртекті арнайы қосымшаға жүктеп, телефон ұтып алыңыз. Бұл мүмкіндікті еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынады. Ол үшін кез келген тауар, жұмыс пен қызмет ақысына төленген сомаға берілетін чектерді Әмиян қосымшасына тіркесе жеткілікті. Бірден ұтыс акциясына қатыса алады. Тек бақылау-кассалық машиналардың чектері жарайды. Ұтыскердің бірі - түркістандық Дариға Әлхан. Ол киноға алынған билетінің түбіртегін қосымшаға жүктеп, телефон ұтып алды.