Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады. Жоба түркиялық «Milat Hali» компаниясының қолдауымен жүзеге аспақ. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалдының түркиялық инвестор Искендер Капланмен кездесуінде талқыланды. Қос тарап фабрика салу жұмыстарын жедел жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді. Сондай – ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға фабрика салатын орынды әзірлеп, инфрақұрылымын реттеуді тапсырды.