Семей қаласында 20 жастағы ер адам көпірден құлап кетті. Ол туралы 112 жедел көмек көрсету орталығына хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасағы қайықпен зардап шеккен адамды іздеп, Көп ұзамай оны көпірдің жанындағы аралдан тапты. Қазір ер адамға алғашқы көмек көрсетілді. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.