Елімізде заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға жұмсалмақ. Соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және өзге салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталады. Мәселен шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңге бөлінді. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болмақ. Алдын ала дайындалған жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, асхана, ойын бөлмелері қарастырылған.