Көлік сатамыз деп сан соғып қалдық. Осылай деген Түркістандық бір топ азамат телеарнамыздан көмек сұрайды. Айтуларынша, аты дардай автосалон темір тұлпарларын сатып береміз деп уәде еткен. Алайда, бүгінде көлік те жоқ, ақша да жоқ. Берешектің ең көбі 20 млннан асады. Автосалонның табалдырығын әбден тоздырған тұрғындармен тілшіміз де сөйлесіп көрді.