«Оңтүстік аймақтарда орыс тілді мектептерге сұраныс бар». Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша Түркістан, Қызылорда, Тараз қалаларында салынатын орыс тілді мектептің әрқайсында 1200 бала білім алмақ. Сондай-ақ ведомство басшысы үш мектепті де Ресей өз ақшасына салатынын, ал оқушыларды оқулықтармен Қазақстан тарапы қамтамасыз ететінін жеткізді. Еске салсақ, жуырда бұл бастаманы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин көтерген болатын.