Түркістан облысында экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау мәселесі өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Онда көктемгі су тасқынының алдын алу, су үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, әр аудан, қала әкімі мен жауаптыларға жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды.