Алматы облысында адам ұрлағандар ұсталды. Өзбекстан азаматы өзін біреулердің еркінен тыс алып бара жатқаны туралы қағазға жазып, оны Жамбыл облысы аумағындағы жанар-жағар май құю бекетіне тастап кеткен. Хабарлама тәртіп сақшыларына жеткен бойда Алматы облыстық полиция департаменті жедел іздестіру шарасын ұйымдастырған. Алматы-Бішкек тас жолы бойындағы Самсы селосы маңайында күдік тудырған «Хонда» автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде көліктегі бес адамның бірін еркінен тыс алып бара жатқаны белгілі болды.