Түркістан
EN

Жерасты ұлттық байлығымызды ең бірінші мемлекеттік компанияларға беру қажет

92
03.12.2024

«Жерасты ұлттық байлығымызды ең бірінші мемлекеттік компанияларға беру қажет». Осылай деген Премьер-министр бүгін үкімет отырысында жер қойнауын пайдалануға қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Олжас Бектеновтың айтуынша, 30 жыл болған және одан да бұрын алынған геологиялық ақпаратты цифрландыру керек. Әрі аэрогеофизикалық түсірілімді көптеп пайдалану арқылы жерүсті зерттеулеріне қажетті шығындарды азайтуға болады.