Түркістан
EN

«Қылует» рухани орталығының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде

47
03.12.2024

Тарихи қала Түркістанда салынып жатқан «Қылует» ғимаратының құрылысы аяқталуға таяп қалды. Қазір онда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Халық қаражатына салынған ғимаратқа облыс әкімінің өзі ерекше мән беріп, жауаптыларға құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды қатаңа тапсырды.  Әрі өзі де сонда  барып, қаладағы құрылыс алаңдарын аралады. Алғашқы кезеңнің жұмыстары толық аяқталып, екінші кезең басталған. Мешіттің жалпы ауданы – 3,54 га. Мұнда көрме орталығы, 500 адамға арналған құлшылық орны, дәрісхана, кітапхана және жатақхана болады. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындайтын орталық болмақ.