Түркістан
EN

Қазақ-корей бірлескен оқу орнының құрылыс алаңында болды

74
03.12.2024

Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің филиалы ашылмақ. бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан оқу ордасының құрылысын облыс әкімі Дархан Сатыбалды барып көрді. 18 қабатты ғимараттағы құрылыс жұмыстарының барысын пысықтап, нақты тапсырмалар берді. Жауапты басшылармен кездесіп, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ақпараттық технологиялар университетінің ашылуы келер жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Айта кету керек, Woosong University – Оңтүстік Кореяда Теджон қаласында орналасқан. 70 жылдық тарихы бар ЖОО-да 12 000-нан астам студент білім алуда, 780 профессор біліктілігін арттыруда.  Оқу орнын бітірген түлектер басқару мен өндіріс саласын бірге меңгереді. Осы бағытта Түркістан өңіріне ыңғайластырып, ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер саласын жетілдіруге күш салынбақ.