Түркістан
EN

107 білім беру мекемесінің жылыту жүйесі газға ауыстырылды

57
03.12.2024

Түркістан облысында білім ордаларының инфрақұрылымын жақсарту, мектеп тапшылығын жою бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Апталық мәжіліс отырысында осы саладағы жұмыстар мен кемшіліктер жайы сөз болды. Мәселен, өңірдегі 107 білім беру мекемесінің жылыту жүйесі газға ауыстырылған. Ол үшін бюджет қаржысынан 2,2 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде ондағы жұмыстар толығымен аяқталып, мекемелер табиғи газға қосылған. Нәтижесінде, газға қосылған білім беру нысандарының саны 800-ге жетті. Өз кезегінде аймақ басшысы, мектептегі өзге де мәселелерге қатысты тапсырма берді.