Түркістан
EN

Боранда қалған дәрігерлер құтқарылды

118
27.12.2021

Шығыс Қазақстанда боранның салдарынан жолда қалған дәрігерлер құтқарылды. Олар жүрек талмасын алған тұрғынға көмектеспек болып, Глубокое ауданына аттанған. Алайда ақтүтек боранда бригада науқасқа жете алмай, жарты жолда қар құрсауында қалған. Құтқарушылар келіп, дәрігерлерді тиісті мекенжайға апарып, науқасты тексергеннен кейін оларды ауруханаға дейін жеткізіп тастады. Айта кетсем, төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, биыл қыс басталғалы елімізде 50 адам қар құрсауынан құтқарылған. Оның 15-сі – бала. Тағы 100 шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ел аумағында 180 рет дауылды ескерту жарияланып, облыстық және аудандық маңызға ие жолдар 40 мәрте жабылған.