Елімізде жыл өткен сайын су тапшылығы күрделі мәселеге айналып келеді. Оның алдын алу үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауаптыларға су ресурстарын үнемдеп пайдалануды тапсырған еді. Ал, суармалы жерлердің төрттен бірі Түркістан облысына тиесілі. Сондықтан өңір басшысы аудан қалаларда су үнемдеу технологияларын жүзеге асыруға баса назар аударып отыр.