Биыл Түркістан облысында денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанның құрылысы жүргізілді. Ол үшін бюджеттен 819,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 6 фельдшерлік акушерлік пунк пайдалануға берілген. Бұл туралы бүгін «Аманат» партиясының өкілдері кезекті брифинг барсында айтты. Жиында партия фракциясына қарасты депутаттар сайлауалды уәделерін орындалу жайын баяндады.