“Самғау” оңалту орталығы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсете бастады. Бұл орталық Сауран ауданы, Ораңғай елді мекенінде орналасқан. 200 орындық нысан 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінде мұнда 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл орталықта мүгедектігі бар азаматтар медициналық көмектен бөлек, тағы 7 түрлі әлеуметтік қызметке қол жеткізеді.