Түркістан
EN

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

54
02.12.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде арнайы жиын өткізді. «Назарбаев Қоры» қамқоршылық кеңесінің отырысында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалып, одан әрі даму жоспарлары қаралды. Оқу ордасы  - Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары білім беретін мекемелерінің бірі. 2011 жылдан бастап 360-қа жуық ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым, 500-ден астам стартап жоба ұсынған. Сонымен қатар Премьер-министрге ақпараттық технологиялар, медицина, робототехника, жасанды интеллект, энергетика, білім беру салаларындағы коммерциялық әлеуеті бар 10 жаңа әзірлеме таныстырылды. Ол мұндай озық жобаларды қолдайтынын атап өтті.  Әрі оларды экспорттау бойынша міндеттер қойды.