Батыс Қазақстанда омикрон штамы тіркелді деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында омикрон штамы анықталды деген ақпарат тарап, кейінен алынып тасталған еді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Ержан Байтанаев та брифинг кезінде елде жаңа штамның анықталмағынын айтқан.