Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баспасөз жиынында жыл басынан бері атқарылған жұмыстардан бөлек, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Мәселен, өңірде көп ұзамай халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары ашылады. Білім саласына баса мән беріліп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасалмақ. Отырыста БАҚ өкілдері Дархан Амангелдіұлына тағы қандай сауалдар жолдады? Өзекті деген сұрақ-жауаптардың бір легін әріптесім Айдана Дүйсенбаева тарқатып айтады.