Түркістан
EN

Түркістан облысында 31 инвестициялық жоба іске қосылған

86
28.11.2024

Жыл басынан бері Түркістан облысында 31 инвестициялық жоба іске қосылып, 1000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылған. Сәйкесінше жергілікті қазынаға салықтық түсімдер артып, жеңіл өнеркәсіп дамуда. Оған қоса аграрлы аймақ өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Республикада көш бастап тұр. Осылайша импортқа тәулділік азайып, ел нарығын отандық өніммен қамту ісі қарқын алған. Өңірде атқарылып жатқан өзге де жұмыстар туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында айтты. Толығырақ әріптесім айтып берсін.