Түркістан
EN

Кентау экологиялық апат аймағы деп танылды

129
28.11.2024

Кентау экологиялық апат аймағы деп танылды. Енді қала тұрғындарының жалақысына 20% үстемеақы қосылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі айтты. Дархан Сатыбалдының сөзінше, Кентауды экологиялық апат аймағына жатқызу мәселесі 2000 жылдан бері талқыланып келе жатыр. Өйткені қала Арал аймағына жақын орналасқан. Арал кеуіп, түбіндегі тұзының көтерілуі жақын маңдағы халықтың денсаулығына кері әсер етіп жатыр. Осы себепті Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылған. Ал Кентау қаласы сол тізімге енбей қалған болатын.