Түркістан
EN

Астана ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

117
28.11.2024

Қазақстан төраға ретінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының алдындағы барлық міндеттерін орындады. Мемлекет басшысы Астанада өткен саммитте осылай деді. Алқалы жиында ұйымға мүше елдердің басшылары бас қосты. Яғни Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов те қатысты. Жиын қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының  мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.