Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды. Кездесудің ресми бөлігі Ақорда резиденциясында жалғасты. Екі ел президенті бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары келіссөз залына барды.