Түркістан
EN

Кентау қаласының әкімі есеп берді

90
27.11.2024

Жыл соңына дейін Кентау қаласында 4 бірдей ірі жоба жүзеге асады. Нақтырақ айтсақ, кенді қалада биыл бірнеше медициналық орталық бой көтермек. Оған қоса кірпіш зауыты пен құрылыс материалдарын дайындайтын цех ашылады деп жоспарлануда. Ол үшін 1 млрд 791 млн теңге инвестиция қаралған. Бұл туралы бүгін қала әкімі Жандос Тасов баспасөз отырысында мәлімдеп, биылғы 9 айда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.