Түркістан облысында мектеп асханалары тексерілді. Рейд барысында 130 мектеп асханасының санитарлық эпидемиялық құжаты жоқтығы анықталған. Оған мекеме басшылығының ауысуы себеп болған. Тексеру барысында сондай-ақ қызметкерлердің арнайы киімдері, асүй құрылғылырының таңбасы мен бактерицидтік сәулеленгіштердің жоқтығы анықталған. Аталған білім ордаларына ескерту жасалды деді облыстың бас санитары.