Биыл Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке 9 рет түзету енгізген. Алайда бұл президенттің қоғамдық бақылау тұжырымына сәйкес келмейді. Мәжіліс депутаты бүгін осылай деп министрлерге ренішін айтты. Ерлан Сайыровтың айтуынша, нәтижесінде, бюджетке қатысты бір бағдарлама бірнеше рет өзгеріске ұшыраған.