Түркістан
EN

Бақытгүл Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды

305
24.12.2021

Бақытгүл Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атырау облыстық соты бұл ақпаратты растады. Экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы бұдан бұрын жазылған еді. Айта кетейік, пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары бұған дейін үй қамақта отырған. Енді ол сот басталғанға дейін абақтыда болады. Еске салсақ, желтоқсанның басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысында екі шенеунікті парамен ұстаған. Бақытгүл Хаменоваға Абай ескерткішін дайындау және орнатуға қажетті мемлекеттік сатып алу келісімін дайындау үшін серіктестіктен 4,5 миллион теңге пара алды деген айып тағылып отыр.