Түркістан
EN

Киіктерді қорғау күшейеді

57
27.11.2024

Енді киіктер қатаң қорғауға алынады. бұл үшін елімізде «киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өтеді. Оның мақсаты жануарларды қорғау, санын арттыру болмақ. айта кетейік елімізде киіктердің үстірт, бетпақдала, орал сынды үш популяциясы бар. Қазір жануарлар дүниесінің басқада түрлерінің дериваттарын алуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстары күшейді. Бұл үшін 163 инспектор, 25 жүргізуші және 79-ға жуық автокөлік  пен арнайы «дрон» аппараттары, түнгі көру құрылғылары іске кіріседі. Айта кетейік биылғы жылдың сәуір, мамыр айларында жүргізілген санақ бойынша елімізде барлығы-3 млнға жуық киік бар. Яғни ақбөкен саны 48% пайызға көбейген.