Ресей Қазақстанға бірнеше жылу электр орталықтарын салмақ. Бұл нысандар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында бой көтереді. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялау мәселелері жөніндегі заң жобасын қарауға қабылдады. Келісім аясында, жабдықтарды дайындау, жеткізу, жылу электр орталықтарын салу және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды орындау тетіктері нақтыланады. Сондай-ақ Қазақстан тарапына ресейлік мемлекеттік жеңілдетілген несие беру механизмі қамтылады. Еске сала кетейік, былтыр қарашада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда Ресейдің қатысуымен үш жылу электр орталығын салу жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.