Арыс қаласында көктемгі тасқын суға қарсы әзірлік қазірден басталып кетті. Теміржолшылар шаһарының тура ортасын кесіп өтетін «Қабылсай» табиғи жырасы толық тазалаудан өтіп жатыр. Жалпы, қала маңындағы елдімекендерде де қарғын су ағатын қауіпті арналар бар. Бұған қарсы қандай шаралар атқарылып жатқаны жайында Бақдәулет Анарбай толықтырсын.