Мақтаарал ауданында қазақ күресінен республикалық «ауыл барысы» турнирі өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық жасөспірім жиналған. Енді жас балуандар алдағы екі күн бойы белдесіп, 35 келіден 60 келі салмаққа дейінгі жеңімпаздар анықталатын болады. Айта кетейік, Республикалық сайысты «ауыл» партиясының Түркістан облысындағы филиалы ұйымдастырып отыр.