Түркістан облысында 100-ден астам қызметкерінің сыйақысын тартып алған шенеуніктің ісіне нүкте қойылды. Ветеринария қызметінің басшысы Бақытжан Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойына лауазымды қызмет атқара алмайды. Айта кетсем, Бегманов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, аудандық 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап алғаны үшін кінәлі деп танылған.