Түркістан
EN

Қазығұрт ауданының әкімі есеп берді

207
26.11.2024

Қазығұрттың экономикасының дамуына ауыл шаруашылық саласы сеп болып отыр. Қазірдің өзінде осы саладағы жылдық жоспардың 90 пайызы жүзеге асқан. Ал, келер жылы осы бағытта  құны 18,9 млрд теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі мәлімдеді. Азизхан Исмаиловтың айтуынша, 10 айда өңірлік өнімнің үлесі 96,4 млрд теңгеге  жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. Жиында аудан басшысы білім, денсаулық салалары мен туризм бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды.