Келес ауданындағы қанды оқиғаға қатысты сот процесінің үшінші отырысы өтті. Қылмыстық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Бүгінгі отырысқа арнайы таңдалған алқабилер қатысады деп жоспарланған еді. Алайда, айыпталушы тараптың өтініші бойынша сот отырысы 2-желтоқсанға шегерілді.