Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салынған елдер тобына қосылады. Сенат тиісті заңды қабылдады. Енді ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру болады. Ал өлім жазасы алмастырылғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынады. 2006 жылы Қазақстан еуропалық одақтың өлім жазасын жою туралы үндеуіне қосылған. Тәуелсіздік жылдары бұл жазаның аясы кезең-кезеңімен қысқартылып келді. 90 жылдары өлім жазасы 26 аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған еді. Биыл қарашада мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өлім жазасын ешбір шартсыз және ескертпесіз толық жою туралы мәселені көтерді. Ғалымдар, басқарушы органдар мен депутаттар жақтап, жаңа ережені бекітті