Кентау қаласында Нұртас Оңдасыновқа арналған ескерткіш тақтайша қойылды. Оған қоса, кенді қаладағы жаңа көшелердің бірі қоғам қайраткерінің атына берілді. Салтанатты шараға жергілікті билік өкілдері мен зиялы қауым өкілдері жиналып, қала әкімі Жандос Тасов арнайы қатысты.