Түркістан облысының Сайрам ауданында отбасын қолдау орталығы ашылды. Басты мақсат - тұрмыстық қиындыққа тап болған әйелдер мен отбасыларға психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік қолдау көрсету. Мұнда өмірлік қиын жағдайларды еңсеруге көмек көрсетіп, азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын 25 маман жұмыс істейді. Жаңа әлеуметтік нысанның маңызы мен қызметі туралы толығырақ келесі сюжетте.