Түркістан
EN

Полицейлер жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берушіні ұстады

40
25.11.2024

Жетісай ауданындағы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылған. Оқиғадан хабардар болған арнайы қызметтер шұғыл түрде ғимаратқа келіп, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады. Алайда тексеру барысында хабарламаның жалған екені анықталды. Ал, өтірік ақпаратты кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысы таратқан. Енді залалды өтеу жасөспірімнің ата-анасына жүктелуі мүмкін.