Түркістан облысы, Жетісай ауданында ұрылар бір үйді тонап, 44 миллион теңгенің затын алып кеткен. Жергілікті тұрғынның шақыртуымен келген полицейлер күдіктілердің үйге терезе арқылы кіргенін анықтапты. Олар бағалы алтын, бриллиант әшекей бұйымдар мен 1 миллион теңгеден астам ақша, ұялы телефонды үптеп кеткен. Тергеу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты.