Есірткіні поштамен алдыртқан астаналықтар қолға түсті. Олар сәлемдемені АҚШ-тан тапсырыс берген. Күдіктінің үйін тінту кезінде 7 грамнан асатын психотропты зат және оның изомерлері табылды. Одан бөлек кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 келі болатын "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді. Айыпталуышылар елірткіш затты сатып, пайда көрмек болғандар айтады. Сот шешімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.