Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларындағы мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік жүйе сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Мысалы, Таразда бұған дейін бірнеше жыл кезекте тұрған екі жастан асқан 23 мыңнан астам сәби балабақшаларда орынмен қамтамасыз етілді. Бұрын мемлекеттік тапсырыс алмаған 19 қалалық балабақша тізіміне енгізілді. Небары 2 айда балаларды қабылдау фактісі бойынша қаржыландыру есебінен 600 млн теңге бюджет қаражаты үнемделіпті. Ал Түркістанда жобаны іске асыруд