Түркістан облысында бірнеше мемлекеттік қызметкердің тәртібі қаралды. Атап айтсақ, Мақтаарал, Жетісай, Шардара және Бәйдібек ауданы әкімдігінің бөлім басшылары мемлекеттік сатып алуға қатысты заңнама талаптарын сақтамаған. Мәселе әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылып, талқыға түсті. Нәтижесінде, жиынға өз кінәсін мойындаған бір қызметкерге ескерту түріндегі тәртіптік шара қолдану ұсынылды.