Түркістан
EN

Түркістанда балалардың көптен күткен арманы орындалды

233
22.11.2024

 Түркістан бірнеше баланың көптен күткен тілегі орындалды. Оған «Армандар орындалады» жобасы ұйытқы болды. Шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген ерекше балалар қатысты. Екі жылдан асқан жоба алдағы уақытта да бүлдіршіндердің тілектерін орындауды жалғастырмақ. Сондай-ақ сен ерекшесің фотокөрмесі де шараның көркін қыздырды. Балалардың бірі теледидар қаласа, енді бірі велосипед тебуді армандайтынын айтып тілдей хатқа жазған. Олардың арманын іске асыру адамдық борышымыз дейді қала әкімінің орынбасары.