Италиялық компаниялар Қазақстанда полиэтилен, бутадиен, тұрақты авиация отынын өндіру сынды инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы инвесторлар Үкімет басшысымен кездесуінде мәлімдеді. Олжас Бектенов Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен жүздесіп, өндірісті локализациялау келешегін талқылады. Қос өндіруші де энергетика және мұнай-газ химиясы саласындағы жабдықтар жасаумен айналысады. Келіссөз барысында инновациялық технологиялар арқылы энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру шаралары қаралды. Сонымен қатар көмірсутек шикізатын терең өңдеу, сапалы өнім шығару саласындағы серіктестік айтылды.