Түркістан
EN

Темірландағы этноауыл мен «шәмші» аллеясын аралады

197
22.11.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапарында Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылындағы этноауылды аралап, абаттандыру жұмыстарын көрді. Аудан ақсақалдарымен жүздесіп, ел бірлігін сақтау, аймақты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге жергілікті кәсіпорындар өндірген өнімдер көрмесін тамашалап, кәсіпкерлермен кездесті. 
Өңір басшысына сондай-ақ қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ашылған «Шәмші» аллеясы таныстырылды. Таяуда атқарылған абаттандыру жұмысы туралы баяндалды. Арыс өзенінің жағасында орналасқан аллеяда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар, субұрқақ орнатылып, көпжылдық ағаштар мен гүлдер отырғызылған