Түркістан
EN

300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылады

106
22.11.2024

Ордабасы ауданында 300 адамды жұмыспен қамтитын  бірнеше кәсіпорын ашылмақ. Соның бірі - Бадам индустриялды аймағында орналасқан алюминий профиль бұйымдарын өндіретін зауыт. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан ірі жобаның инвестициялық құны 4 млрд. 400 млн.теңге. Жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна кәсіпорынның бірінші кезеңі  2025 жылдың наурыз айында іске қосылады. Оған жергілікті 200 тұрғынды жұмысқа алу жоспарлануда. Ал екінші кезеңде тағы 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Одан бөлек, бадам ауылында құны 1 млрд. 500 млн. теңгелік автоклабталған газоблок шығаратын зауыт пен тағы бірнеше нысан салынып жатыр. Ауданға іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа бастаманың құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап қайтты.