Есірткі заттарын контрабандалық жолмен Қазақстан аумағына өткізумен айналысқандардың жолы кесілді. Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған заңсыз тауарды алу кезінде ұсталды. Олардан жалпы салмағы 7 келіден астам марихуана мен мефедрон тәркіленді. Күдіктілер есірткіні бұған дейін жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізіп келіпті. Шағын мөлшерде өлшеп оралған марихуананы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында саудалаған. Сату анонимді түрде Telegram-каналдар арқылы жүргізілген екен. Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары болып шықты. Қазір ұсталған 5 адам тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды.