Түркістан
EN

Қазақстанда теңдесі жоқ қыш зауытының капсуласы салынды

105
22.11.2024

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында елімізде теңдесі жоқ  қыш зауыты бой көтереді. Мұнда Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылмақ. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды уақыт капсуласын салу рәсіміне  арнайы қатысып, жобаны уақытылы  жүзеге асыруды тапсырды. Жалпы жобаның құны – 5 млрд теңге. Аталған зауытта жылына 90 млн, ал  күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген.