Түркістан облысында екі ауылдың халқы көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Көкарал және Еңбекші елдімекенінде бір жарым мыңнан астам халық тұрады. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, газдандыру ісі 2021 жылы басталған. Жобаның құны – 140,3 млн теңге. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды елдің қуанышын бөлісуге арнайы барып, табиғи газ беру рәсіміне қатысты. Тұрғындарды айтулы сәтпен құттықтап, ауылды көркейтуге үлес қосуға шақырды. Ал көгілдір отынды көп жыл күтіп, енді қол жеткізген жұрттың қуанышында шек жоқ.